Түркиядан оралған Қарақатты Қызылорда халқы сырнайлатып қошеметпен қарсы алды (видео)

Oinet.kz 04-06-2021 3056

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жақында Түркиядан елге оралған болатын. Туған жерін сағынған әнші Қызылордаға арнайы келд. Әншіні сағынған халық оны әуежайдан сырнайлатып қарсы алды. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

"Ассалаумағалейкум Сыр елі! Жыр елі! Ақ күріштің Отаны, берекелі-мерекелі Қызылорда!

Екі-үш сағат қана көз шырымын алып, таңғы рейспен ұшып, біраз шаршау болып тұр едік, «Қарақатым - қадірлім, ақ жүзіңді сағындым» деген әннің сөздерін естіп, ықыластарыңызға риза болып, көзіміз де, көңіліміз де шайдай ашылды.

Әуежайдан әндетіп, сырнайлатып, құшақ-құшақ гүлмен күтіп алған Жақсы адамдар! Алғыс айтамын! Ниет-көңілдеріңізге мың рақмеееет!

Қош көрдік, Алаштың анасы атанған киелі мекен - Қызылорда!" - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 8 ай бойы Түркиядан үй алып сонда отбасымен тұрды. Жақында ол елге оралды. Қарақат - Қарағанды облысының тумасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Арслан Нуритдинов: Шілдеде өтетін тікелей сайлауға қатысамын
Көк аспанда көк туымыз желбіресін!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу