Әлемге танымал комик, актер қайтыс болды

Oinet.kz 30-04-2021 1562

"Хохотун" лақап атымен танылған испан актері Хуан Хойя Боря 65 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі ABC de Sevilla газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_1.jpg

Актер былтып қыркүйек айында аяғын кестіруге мәжбүр болған. Ол содан бері Севильядағы Вирген-дель-Росио ауруханасында жатқан. Газеттің хабарлауынша, операциядан кейінгі асқыну өліміне себеп болды. Және оның қан тамырлар жүйесінде де үлкен проблема болған.

Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде Боряның испандық телеарнадағы шоуда қонақ болған видеосы тарайды. Эфирде актер өмірінен бір қызықты оқиғаны баяндап береді. Бірақ ол өзінің күлкісін баса алмай, тележүргізуші мен көрермендерді күлкіге қарқ қылды. Бұл видео бүкіл әлемге тарап кетті. Ал видеодағы актердің түрі мемге айналды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай
Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу