Мəдениет жəне спорт министрі Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 19-04-2021 843

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

Ақтоты Райымқұлова.jpg

- Пейілі дархан Ғазиза апамыз саналы ғұмырын бекзат өнерге арнап, мағыналы тірлік кешті. Ұзақ жылдан бері театр жəне кино саласында талай тартымды образдарымен талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ғазиза Мəкешқызы түскен «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» сериалы мен «Қауын», «Біржан сал», «Айналайын» жəне тағы басқа фильмдер қазақ кинематографиясының алтын қорынан ойып тұрып орын алды, - деп жазды министр Facebook-те.

Жайдары мінезді, ортасына сыйлы болған өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

- Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деді Райымқұлова.

Кейінгі тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырған
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу