Шпекбаевтың орнын Ахметжанов басты

Oinet.kz 16-04-2021 682

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

f9103343556f2697720b9de188bdda5d.jpg

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Шпекбаев қызметінен босатылды
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу