"Жер шетелдіктерге берілмейді". Ералы Тоғжанов нақты шешім қабылданғанын айтты

Oinet.kz 03-04-2021 765

Жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі агенттігі ҚазАқпарат сілтеп.

news_full1592476189603228bb0f3fd6e1002b3a627711319d.jpg

Оның айтуынша,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешімі арнайы заң жобасы ретінде Парламенттің қарауына 12 наурызда енгізілді. Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов әлеуметтік желілерде заңға қатысты түсініспеушіліктер бар екенін атап өтті. Ол жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданып, мәселеге нүкте қойылғанын айтты.

Туркестан официально признан столицей Тюркского мира
Алматы облысының тұрғыны пара алған әйелін құзырлы органдарға ұстап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу