Илон Маск әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып алды

Oinet.kz 19-02-2021 1230

Жақында Amazon негізін қалаушы Джефф Безосқа әлемдегі ең бай адам атағына жол берген SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск тағы да миллиардерлер тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Илон Маск.jpg

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, SpaceX бағалы қағаздарын орналастырудың тағы бір раундынан кейін Масктың байлығы 199,9 миллиард доллар болды. Джефф Безостың есебінде - 194,2 миллиард доллар.

Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін әлемдегі ең бай адам болып саналды.

Осы аптада Amazon негізін қалаушы Tesla акциясының құны төмендегеннен кейін рейтингтің бірінші қатарына оралған еді.

Кейінгі тәулікте 901 адам коронавирус жұқтырды
«Оны таза саяси себеппен қудалады» - Қосанов Әкежан Қажыгелдин туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу