Шымкент: Су қоймаларында пилоттық жоба ретінде есептегіш құрылғы орнатылған

Oinet.kz 17-02-2021 760

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

image.png

Баспасөз мәжілісінде департамент бастығының орынбасары қала аумағындағы су тасқыны жағдайы мен қауіпсіздік мәселелері бойынша сөз қозғады.

– Бүгінде Шымкент қаласы аумағында орналасқан 4 су қоймасының (Бадам, Тоғыс, Текесу, Ақжар) жағдайы қанағаттанарлық. Яғни, су қоймалардың толу деңгейі 15–42 пайызды құрайды. Сонымен қатар тасқын суды қабылдайтын қор жеткілікті. Қала әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес су қоймаларына тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардағы қауіпті учаскілерде қоқыстарды жинау, тазалау жұмыстары жүргізілуде, – деді Жәнібек Тұрлыбекұлы.

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бекіткен «Цифрландыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында халықты қорғаудың жаңа жүйелерін орнату бойынша пилоттық жоба әзірленген. Аталған жоба барысында Бадам, Тоғыс су қоймасында орналастырылған есептеу құрылғысы судың көтерілу деңгейі мен тәуліктік айырмашылығын анықтауға және ауытқу деңгейінің кестесі мен су тасқынына болжам жасауға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, қала әкімдігі тарапынан төтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен халықты қабылдауға арналған 129 эвакуациялық пункт, 50 тонна жанармай қоры, 48 мың дана қап пен 18 тонна құм дайындалған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

Тоқаев 2060 жылға қарай жоспар жасады
Қазақстанда тағы да азық-түлік бағасы қымбаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу