Бүгін Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

Oinet.kz 10-02-2021 1225

Осыдан 75 жыл бұрын (1946-2020) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев дүниеге келген. Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. 

Кенес Дуйсекеев.jpg

Алматы консерваториясын бітірген. 

1974-1976 жылдары – «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі. 

1976-1979 жылдары – «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыкалық жетекшісі. 

1975-1984 жылдары – Қазақ теледидары музыкалық редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 

1984-1997 жылдары – Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. 

1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантантасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әннің авторы. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Мұзжарғыш кеме итбалықтар мекенін жарып өткен (видео)
Тоқаев білім министріне маңызды міндеттер жүктеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу