«Вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтереді» -Тоқаев
Мемлекет басшысы елімізде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталғанын хабарлады. Азаматтарды вакциналауға арналған барлық шығындарды мемлекет көтеретіндігін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- 1 ақпанда Қазақстанда COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинация басталды. Біз эпидемияға қарсы әлемдік тәжірибені қолданамыз, вакцина пандемияны жеңудің жалғыз сенімді құралы. Азаматтарды вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтерді. Қарсы көрсеткіштері жоқ азаматтарымыз бұрын-соңды болмаған пандемияда вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді деп сенемін, - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Қазақстанда коронавирустық инфекциямен ауырғандардың жалпы саны 187 970-ке жетті. Қайтыс болғандар саны 2556-ға дейін өсті. аурудан айыққан науқастардың саны 168 мыңнан асты. Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядантуындаған пневмониямен 47 874 науқас тіркелді. Оның 570-і көз жұмды.