Имашев - «Бар қазаққа үндеу тастаймын!» (видео)

Oinet.kz 28-01-2021 1387

Белгілі айтыскер-ақын Балғынбек Имашев қкүллі қазақ халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Балғынбек Имашев.jpg

- Көші-қон! Кім шынымен Мемлекетшіл?

Кім думанды шетелде қыдыруды емес, туған мекенге туды ілуді қалайды?

Мен бар қазаққа үндеу тастаймын! Карантинде қамалып, смартфонға қадалып бос жатқанша, бос жатқан жерге еге болайық.

Теңіз жағасындағы Анталияға емес, Теріскейдегі Қызылжарға, Босфордағы Стамбулға емес, Тобылдағы Қостанайға, Кипрге емес, Керекуге көшейік. Кім қолдайды?

Көше алмасаңыз да, үндеуді таратыңыз! Пікір жазып, көп адамның көруіне үлес қосыңыз! - деді Балғынбек Имашев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Қуат Хамитовке байланысты сот үкімі белгілі болды
Дәулет Мұқаевқа «Адал» партиясы 20 миллион теңге берді ме? (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу