Имашев: Вакцинацияға мәжбүрлесе елді үгіттеп, көшеге шығып, қару алып соғысамын

Oinet.kz 26-01-2021 5670

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram парақшасында халықтың мүддесіне қайшы келетін заңды қабылдауға қарсы екенін жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Балгынбек.jpg

– Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш демекші, көршінің шуы бізге естілмей, жаңғырық бермей қалмайды. Ендеше, етек-жеңді қымтап, толғақты мәселерді шешуді тездетіп қолға алу қажет. Қазақ көшелі халық болған соң көшеге шығару оңай емес. Парламент сайлауы ма, Президент сайлауы ма, бізге аса маңызды емес. Бірақ, дәл мына мәселелерде қазақ баласын үйінде отырғызу да мүмкін болмай қалады:

1. Жер дауы (ол жерді шетелдіктерге сату ма, жалға беру ма, көрші елдер тарапынан агрессия ма, ұлтаралық кикілжің т.б.)

2. Жесір дауы (отбасы құндылығы, бала, жыныстық гендерлік саясат, вакцинация т.б)

Егер шын халықтың жоғын жоқтасаңыздар, халыққа жақындаймыз, халық үнін еститін боламыз десеңіздер, ең әуелі, Ата Заңдағы тіл туралы бапты дұрыстаңыздар!

Одан кейін халықтың мүддесіне қайшы заңдарды қабылдау түгілі талқылауды тоқтатыңыздар.

Тіл түзелмей діл түзелмейді,

Дін түзелмей дым түзелмейді, – деді Балғынбек Имашев.

Screenshot_8.jpg

Айтыскер көтерген мәселелерге байланысты Гүлшат Саражова есімді желі қолданушысы Балғынбек Имашевтан «Нақты айтыңызшы, көшеге шығасыз ба?» деп сұрайды. Бұл сұраққа Имашев: 

"Осы заң қабылданса, өзім ғана емес, елді үгіттеп, өзім бастап шығам. Жер сатылса, вакцинацияны мәжбүрлесе, қазақ жеріне бірек қол сұқса, көше түгілі, қару алып соғысуға дайынмын, - деп жауап берді. 

«Қазақстандық вакцинаны салдырамын» - Тоқаев
«Мен сенбеймін»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтың қарындасы туралы пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу