Назарбаев Сапарбаевқа алғыс білдірді

Oinet.kz 30-12-2020 1181

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Назарбаев пен Бердібек.png

Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Б.Сапарбаевқа "Қамқорлық" бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Дизайнер Пьер Карден бақилық болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу