Халықтық кеңсе жаңа жүйемен толықты

Oinet.kz 24-12-2020 800

Screenshot_5.jpg

Ордабасы ауданында ашылған "Халықтық кеңсе" жаңа жүйемен жұмыс жүргізбек. Бұл жөнінде аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков сервистік әкімдік кеңсесінің ашылуында мәлімдеді.  

"AIKEY" жүйесі тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді бағдарлама арқылы тиісті бөлімдерге жолдап, мерзімін белгілейді. Арыз-шағымдарға жауап беру деңгейіне бағдарлама сараптама жасап, бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдерінің  рейтингісін түзеді. Әрі, тұрғындар жазылған өтінішінің қаралу сатысы мен оны зерделейтін маманды да осы бағдарлама арқылы бақылап отыруға мүмкіндіктері бар. 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Қарғабай Мирас жаңа жүйенің жұмысымен танысып,  "Ашық әкімдік" қағидасында жұмыс жүргізу үшін бұл ең оңтайлы нұсқа екенін атап өтті.

Қазіргі таңда "Халықтық кеңсеге" өтінішпен келген аудан тұрғындарына Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты 8 дербес бөлім қызмет көрсетеді.   Жалпы 74 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 8 маман кеңес беріп, өтініш-тілектерін қабылдайды. 

Сонымен қатар, "Сервистік әкімдік" те "Халықтық кеңседе" орналастырылды.  

Сервистік әкімдікте (Фронт офисте) халықтың өтініштерін қабылдау бойынша 2 оператор қызмет көрсетуде және 7-94-94 және  8-700-307-91-94 байланыс орталығы іске қосылған.

Мұғалімдердің жалақысы көтеріле ме? - Аймағамбетов жауап берді
Түркістан: Ордабасы ауданында ашылған «сервистік әкімдік» жаңа жүйеде қызмет көрсетпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу