«Келесі жылы коронавирус пандемиясы күшейеді» - Билл Гейтс

Oinet.kz 24-12-2020 1005

Билл Гейтс өзінің жеке блогында өткен жылды қорытындылады және вакцинацияға қарамастан, пандемия алдағы айларда күшейе түсетініне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Билл Гейтс.png

- Өкінішке қарай, біз әлі де қиындықтардан шыға алмадық, - деді ол.

Пандемияның күшеюі туралы айта отырып, миллиардер компьютерлік модельдер арқылы алынған мәліметтерге сүйенді. Олар келесі айда әлемдегі жағдай нашарлай түседі деп болжауға негіз болған.

Сонымен бірге Гейтс маска тағужәне әлеуметтік қашықтық коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тиімді құрал болып қала беретінін еске салды. Қоғамдық орындарға баруға шектеулер келесі жылы да жалғасады. Жалпы, 2021 жылы аурулар мен өлім жағдайлары, оның пікірінше, азаяды, ал өмір біртіндеп өз қалпына келе бастайды. Миллиардер бұл болжамын алдағы жылдың көктемінде вакцинациямен байланыстырды.

Алайда, вакцинациядан бас тартқан адамдар санының өсуі алаңдаушылық тудырады. Гейтс ғылымға деген мұндай сенімсіздік себептерін түсінбейтінін мойындады.

Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні
«Алдағы онжылдықта Каспий теңізінің суы тартыла бастайды» - ғалымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу