Ресейлік тарихшы дума депутаттарының даулы мәлімдемесін жоққа шығарды

Oinet.kz 16-12-2020 1059

Ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой "Қазақстан территориясы - Ресейдің үлкен сыйы" деп мәлімдеген депутат Вячеслав Никоновтың сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл ойын тарихшы Facebook желісінде жазды.

Виктор Козодой.png

Тарихшының жазбасын келтірейік:

- Өткен аптадағы "сөзталастан" біздің кейбір азамат, оның ішінде біздің сельподағы коммуналдық депутаттар тарих туралы білімін "Иван Васильевич меняет профессию" сияқты кеңестік кинокомедиядан алады-ау деймін. Естеріңізде болса, фильмде Иван Грозный (оның рөлінде Ю.Яковлев ойнаған) "Казань брал, Астрахань брал, Шпака не брал" дейді. Осы күшті "әдістеменің" негізінде біздің болмай қалғыр-ұлтшылдар Қазан мен Астрахан хандықтары болған деген шешім жасайды, ал басқасы туралы айтылмағандықтан, олар тіпті болмаған деген тұжырымға келеді, қазақ мемлекеттігі (кеңес өкіметіне дейін) болмаған деп аузы көпіріп дәлелдегісі де келген. Осындайлар кеңес заманына сілтегенді жақсы көреді. Кеңес десеңіздер кеңеске назар аударайық. 

Әдебиетке қарайық.

1943 жылы М.Әбдіқалықов пен А.Панкратованың (КСРО ҒА академигі, сөзіне ешкім күмән келтіре алмайтын ғылыми авторитет) "Истории Казахской ССР" атаулы бірінші кітабы шығады. Соның 94-бетінде, яғни 9 параграфында "Қазақ хандының құрылуы мен дамуы" бар, онда "Мемлекет құрылып, Қазақ хандығының негізіне айналған" деген сөз бар. Ары қарай кеттік, 95-бет, "Жас мемлекеттің халық саны өсіп жатты. XV ғасырдың 60-жылдары онда 200 мың адам болды. Қазақ хандығын Жәнібек басқарды".

1949 жылы И.Омаров пен А.Панкратованың редакциясындағы екінші кітап шықты. "Кеңестік тарихтану" осындай.

Қазақ хандығының құрылған жылы деп 1465 жыл көрсетілген (еске салайын, Орыс мемлекетінің "тәуелсіздік" алған жылы - 1480, Уградағы Ұлы қорғаныстан кейін, сосын 15 жылдан кейін болғаны осы, бұл жақсы я жаман емес, бұл Новосібірде қазір қыс және қар бар деген сияқты шынайы факт).

Сондықтан тарихты кинокомедиямен емес, ғылыми зерттеулерден оқу керек, әсіресе кеңес кезінде тұжырымдалып, жоққа шығарылмағанын...

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Проблеманы шешу жолын айтатын оппозицияны қалаймын» - Назарбаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу