Елбасы Сума Чакрабартимен кездесті

Oinet.kz 09-12-2020 735

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты

Елбасы, Сума Чакрабарти.png

Кездесуде жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайындағы елдің экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды. 

- Қазір күллі әлем жұртшылығы қиын жағдайды бастан өткеруде. Экономика 3-4 пайызға төмендейді деп болжануда. Бүгін өзіңізбен әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты пікір алысқым келіп отыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Сума Чакрабарти әлемдік экономиканың қалпына келуіне және алдағы перспективаларына қатысты болжамдар туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен бірге Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары тәуелсіз Қазақстанды құру және дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады. 

- Еуропа қайта құру және даму банкін басқарған кездегі біздің бірлескен жұмысымызды жылы сезіммен еске аламын. Біз Сіздің елмен тығыз қарым-қатынаста болдық. Қазақстан берік ынтымақтастық орнатқан алғашқы бес мемлекеттің қатарына кірді. Бұл Сіздің белсене атсалысуыңыздың арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ, мен Сіздің тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы қажыр-қайратыңызға тамсана қараймын, – деді Сума Чакрабарти. 

Аймағамбетов ректорларға қашықтан оқытудың талаптарын түсіндіруді тапсырды
Қызылорда облысындағы көлден 4 адамның денесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу