Головкиннің қарсыласы күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 09-12-2020 798

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) F) АҚШ-қа келді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Камил Шеремета.png

Ол Флоридада шоу ұйымдастырушылары бөліп берген залда жаттығуын бастап кетті. Жекпе-жек алдында бірнеше күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып алмауы үшін қонақүйде болады.  

- Мен бұл жекпе-жектің болғанын қалаймын. Оған аз қалды. Бұл жекпе-жекке жету үшін тырыстым, сондықтан тек қуану керек. Мен рингке дүние жүзіндегі ең мықты боксшының бірімен шығамын, - деді польшалық боксшы. 

Шеремета COVID-19-жұқтырып, айығып шыққан. Ол GGG сөзсіз фаворит болса да әлемдік бокс тарихында қалатынына сенімді.  

- Бастысы мен, отбасым маған сенеді. Балаларыма қараған кезде осының бәрін солар үшін істеп жүргенімді түсінемін, - дейді боксшы. 

Жеті жыл бойы полициядан жасырынған қылмыскер ұсталды
Аймағамбетов ректорларға қашықтан оқытудың талаптарын түсіндіруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу