Тоқаевқа жаңа өкілеттік беріледі

Oinet.kz 03-12-2020 829

Парламент ел Президентіне жаңа өкілеттік беруді көздейтін "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Заңға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Сенаттың бейінді комитетіндегілер заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін атап өтті.

Заң жобасы бойынша ұсынылады:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

- халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.

«Бүкіл өмірімді Қазақстанның тәуелсіздігіне арнадым» - Назарбаев (видео)
Министрлік Надыровтың қайда жұмыс істейтіні туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу