Карантинді қадағалайтын топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

Oinet.kz 03-12-2020 720

Карантин талабының сақталуын қадағалайтын мониторинг тобы бизнесмендерден ақша бопсалаған. Көзжұмбайлықтың бір апталық құны – 50 мың теңге. Бұл туралы мәжілісмен Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz  "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

Ақша бопсалау.png

Депутат жемқорлықпен күрес агенттігіне мониторингтік бақылау топтарының ізіне түсіп, тексеруді талап етті. 

- Өңірлердегі кәсіпкерлердің хабарлауынша, шенеуніктердің туыс-туғандарына тиесілі мейрамхана мен клубтарды тексергенде топтары айналып өтеді. Таныстық, туыстықтың арқасында карантин шектеуіне қарамастан жұмыс істеп жатқандар жетерлік, - деді депутат  Азат Перуашев.

Депутаттың айтуынша, өңірлердегі шектеу шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының жетекшілері кәсіпкерлерді миллиондаған айыппұлдармен үркітіп, ақша бопсалауды кәдімгі кәсіпке айналдырған.

Карантинді бұзғаны үшін 2-3 миллиондық айыппұл төлегенше, кәсіпкерлер тексерушілер сұратқан аптасына бір рет 50 мың теңгені қалтасына сүңгіте салғанды қош көреді екен. Осылайша сыбайластыққа әбден дәніккендер, Перуашевтың есебінше, айына 100 миллион теңгені қалтаға басып отыр. Сондықтан мәжілісмен айыппұлдың көлемін 50 пайызға қысқартуды талап етті. Оған қоса, кезекті локдаун енгізілсе, бизнестің жұмысына рұқсат беру керек екенін айтты.

Қызылордада әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды
Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші қаза болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу