Рулі жұлынып кеткен көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы Сейфуллин даңғылында, Ақан сері көшесімен қиылысқа жақын жерде болды.
Hyunday Elantra қиылыста, бағдаршамға жетпей, жаяу жүргіншіні қағып, бірнеше ондаған метрге сүйреген.
Соқтығысу салдарынан 1987 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан қаза болды.
Ал көліктің рулі мен панелі жұлынып кеткен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.