Ердоған Әзербайжанға әскер жіберуді жоспарлап отыр

Oinet.kz 16-11-2020 732

Түркия президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға түрік әскерін жіберу туралы жарлығының жобасы республика парламентіне жіберілді, деп хабарлайды РИА Новости Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

image.png

Дереккөз мәліметінше, таяуда Түркия парламенті осы мәселені қарастырады.

Жарлық мәтінінде Таулы Қарабақ туралы бірлескен мәлімдеменің шарттарына, сондай-ақ Бакудың Түркия мен Ресейдің атысты тоқтату режимін бақылау жөніндегі бірлескен орталығын құру жөніндегі ұстанымына сілтемелер бар.

- Бірлескен орталықтың орнын Әзербайжан белгілейді. Орталықта әскери қызметшілер, ал қажет болған жағдайда мамандар жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар аясында оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның тиісті қарарларында да көрсетілен. Әзербайжанға әскер жіберу Түркияның ұлттық мүдделеріне де сәйкес келеді, - делінген құжат мәтінінде.

Экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты үкім шықты
Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу