II Азаматтық форумы өтті

Oinet.kz 12-11-2020 680

Шымкент қаласында "Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы "Birgemiz" тақырыбында II Азаматтық форумы өтті.

image.png

Форумның ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов бейнебайланыс арқылы шығып, форумның жұмысына сәттілік тіледі. 

Форумға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ Президенті Бану Нұрғазиева, "Сана Сезім" әйелдер бастамасының құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шахноза Хасанова, сондай-ақ ҮЕҰ, мемлекеттік және бизнес құрылымдар, қоғамдық кеңестер және т. б. өкілдері қатысып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Үкіметтік емес ұйымдар – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бүгінде Шымкент қаласында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. «Азаматтық альянс» қауымдастығы қазіргі таңда Шымкенттегі әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне қал-қадірінше көмектесуде.Тұрғындардың арыз-шағымы негізінде халықтың мұқтажын, шешілмеген мәселелерін орындауда қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, жұмыс істеуде. 

Сондай-ақ, форум аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, сұрақ-жауап, министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен салалық кездесулер өткізілді.

Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға көмек көрсетеді
​Сайрам ауданында медициналық маска шығару өндірісі іске қосылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу