Шымкентте 23 жастағы тұрғын көз жұмды
Шымкент қаласының тұрғыны бесінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бесінші қабаттан құлаған азамат қайтыс болды. 26 қазанда сағат 20.00 шамасында 1997 жылы туған жергілікті тұрғын Тұрысов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, алған дене жарақатынан қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, "өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бойынша тергеу жүргізілуде.
"Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қорытындылады полиция.