Қазақстанда жаңа ресейлік зымыран сынақтан өтті (видео)
2020 жылдың 28 қазанында Қазақстанның Сары-Шаған полигонында Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚҚЖ) жаңа зымыраны сыналды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайты мәлімдегендей, зымыранды Әуе-ғарыш күштерінің (ӘҒК) әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жауынгерлік әскер есебі ұшырған.
- Бірқатар сынақтардан кейін ЗҚҚ жүйесінің жаңа зымыраны өзіне тән сипаттамаларды сенімді түрде растады. Жауынгерлік есептер берілген дәлдікпен шартты нысанаға дөп тигізіп, тапсырманы ойдағыдай орындады, - деп түсіндірді ӘҒК ЗҚҚ құрама командирі генерал-майор Сергей Грабчук.
Бұл зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Ресейдің әуе-ғарыш күштерін қаруландыруға бағытталғаны және әуеден немесе ғарыштан шабуыл жасау құралдарынан қорғауға қызмет ететіндігі айтылған.