ДДСҰ басшысы пандемияның «өте қиын» айларына дайындалуға шақырды

Oinet.kz 24-10-2020 865

Әлем пандемияның өте қиын айларын күтуде. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс жұмада өткен брифингте жасады.

"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар елдер қауіпті бағытта қозғалады. Тым көп мемлекет COVID-19 жағдайларының экспоненциалды өсуіне тап болды, қазір ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. Ал бұл тек қазан айы", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.

Тағы 2 қазақстандық пневмониядан қайтыс болды
Мархабат Байғұт: «Президентіміз алысты болжайтынын айқын көрсетті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу