Жыл соңына қарай вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін

Oinet.kz 14-10-2020 788

Жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет болмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png


Бұл жағдай вирус жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Алексей Цойдың айтуынша, ғалымдардың бағамдауына сәйкес, коронавирус белгілері болмаса да ауырған азаматтарда вирусқа қарсы антидене бір ай болады.

-  "Орташа немесе ауыр деңгейде ауырғандарда 3-5 ай аралығында антидене болады. Осылайша, егер коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2020 жылдың маусым-шілде айларына келген болса, егер біз талдау жүргізіп, 3-5 айдан кейін қараша-желтоқсан айларында болады деп болжасақ, онда ауру жұқтырғандарда антиденелер азайып, олардың қайтадан коронавирус жұқтыру қаупі бар", - дейді министр. 

Министр әлемде COVID-19 инфекциясын қайтадан жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатқанын атап өтті. Еске сала кетсек, елімізде соңғы деректер бойынша, елімізде өткен тәулікте 83 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 108 984-ке жетіп отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеген болатын. Бұл жөнінде ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан "Пандемия 2020: қауіп-қатерлер, шешімдер, салдары" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтқан. Ал еліміздегі денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдай күрделеніп бара жатқанын жеткізген еді. 

Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Кіндігімді кескен жұрт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу