Түркістан облысы ет экспорты бойынша көш бастап тұр
Жыл басынан бері Түркістан облысының аграршылары мен фермерлері 69,9 млн АҚШ долларын құрайтын 654 тонна өнімді экспорттады, деп хабарлады Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында.
Сонымен қатар, облыс ет экспорты бойынша көшбасшы атағын жалғастыруда. Соңғы 7 айда Түркістан облысынан экспортталды:
- 4 100 тонна сиыр еті (Өзбекстан мен Ресейге);
- 243,8 тонна қой еті (Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресейге);
- 33,8 тонна жылқы еті (Өзбекстан, Ресейге).
Өңдеу саласында да көртсеткіш жаман емес. Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 43,4 мың тоннаны құрады. Бұл ретте қаржылық әлеует 40,5 млн. Жыл соңына дейін оның көлемін 97,2 млн.-ға артпақ.
Шетелде Түркістан облысының су айдындары мен шаруашылықтарында өсірілген балық, сондай-ақ шұжық өнімдері мен құс еті сұранысқа ие. Жыл басынан бері Еуропа елдеріне - Германияға, Литваға, сондай-ақ Ресейге, Украинаға және Өзбекстанға 1 445,9 тонна балық өнімі, 11,2 тонна шұжық өнімдері және 1 468 тонна құс еті Ресейге экспортталды.