Кентауда Ұлы Абайдың ескерткіші орнатылды
Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына үлкен ескерткіш орнатылылды. Бұл мүсіннің ашылуы елорда күніне орай өткен. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысқан.
Ескерткіштің биіктігі 4,5 метр. Ал ескерткіш 3 метрлік тұғырға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метрды құрайды. Салмағы 3 тонна ескерткіш қала орталығындағы Абай даңғылы бойына қойылды. Авторы мүсінші – Бауыржан Жалын. Бұл жобаның сметалық бағасы 80 млн теңгені құрайды. Алайда бұл жалғыз ескерткішке жұмсалған қаражат емес,ескерткішке қарама-қарсы "Ұстаздар"алеясын қос есептегендегі баға. Екеуі бір жоба болып ұсынылған.