Үйде отырып күніне 5000 дана сабын шығаратын келіншек

Oinet.kz 19-09-2020 473

Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева үйінде отырып-ақ кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол 1 жылдан астам уақыттан бері кір сабын шығарумен айналысып келеді. Күйеуімен бірге әзірлейтін өнім "Эффект" деп аталады. Идея авторы алдын жұмыссыз отырған күйеуім дейді жас кәсіпкер.

"Үйдің отағасы дүкенде жұмыс істейтін, кейін жұмыссыз қалды. Жұмыссыз отырған ол бір күні сабынның жарнамасын интернетте көріп қалды. Ауылды жерде тұрғаннан кейін, айналамыздағылардың көбісі кір сабынды жиі қолданады. Бұл өндірісті ешқандай қалдықтары жоқ, тіпті жарамдық мерзімі де болмағаннан кейін дәл осы саланы қолға алдық. Әрі бұл іс халал. Ешкімге тәуелді болмаймыз. Өзіміздің үйде өндіреміз. Қазір бұл кәсіппен айналысып жатқанымызға бір жылдан асып, 2 жылдың шамасы болды. Өткен жылы ғана тәй-тәйлап тәуекелге бел буып бастап едік, биыл міне дамып келеміз. Тіпті алдағы уақытта кәсіпті кеңейтуді де жоспарлап отырмыз, әрине, ол сұранысқа байланысты. Алғашқыда бұл тауарларды ешкім мойындамай, қабылдауы қиын болды. Ресейлік сабындарға үйреніп қалған тұрғындар отандық өнімге жәймен бет ұрып келеді",-деді келіншек.

Эльмира Жалтеева осыдан бір жыл бұрын "Бастау" бизнес жобасы арқылы 505 мың көлемінде грант жеңіп алған. "Эффект" деген жазудың жазулы таңбаны сатып алып, ары қарай кәсіпті жаңаша дамытқан. Алғашқысында сабындарының сырты қапталмаған күйінде сатылыпты. Мемлекет тарапынан жеңіп алған ақшадан кейін арнайы пакет жасатып, өнім қапталған күйі нарыққа жөнелтілуде.

Айта кететйік,3 баланың анасы күніне 1 тонна тоң майдан 100 қорап сабын шығаруға болады дейді. Бірақ карантинге байланысты дәл ондай сұраныс әзірге бола қоймады деп сөзін жалғады ол. Қазіргі таңда күніне тұрақты түрде 5000 дана кір сабын шығарады. Өнімді 100 қораптан алатын болса, 70-75 теңгеден саудалайды. Ал салмағы 300 гр-дық сабын 150 теңгеден, 150 гр - 40 теңгеден сатылады. Бұл сабынды Шымкент дүкендерінің сөресінен табуға болады.

32 жастағы кәсіпкер алдағы уақытта несие алып, гель мен ағартқыш құралын шығаруды жоспарлап отыр. Тіпті әтір сабындарды да қолға алып көрсем дейді. Кейіннен кір жуатын ұнтақты да шығармақшы. Ол жоспардағы өнімдерді қолымда бар техникамен жүзеге асыра алмаймын дейді. Несиеге ақша алып, оны жаңа техникалармен толықтыруға жұмсаймын деп отыр. Осылайша кәсіпкер өнімдерінің түрін көбейтпек.

Түлкібаста күзгі алма жинағы басталды
Жетісайдың өз индустриалды аймағы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу