Бадам су қоймасының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы пысықталды
Бадам су қоймасында "Қазсушар" РМК Түркістан облыстық филиалының мамандары күзгі-қысқы кезеңге дайындық шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта су кептелер жерлерін тексеріп, электр жабдықтарын пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетерлігі, Маятас аумағында су қоймасының құрылысы 1970 жылы "Союзгипрорис" институтының жобасы бойынша басталып, 1974 жылы нысан пайдалануға берілген.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында үш гидротехникалық құрылыс — Тоғыс, Текесу және Бадам су қоймасы орналасқан. Барлық ірі су айдындарында құлақтандыру жүйелері орнатылған және жарықтандыру жүргізілген.