Түркістан: Келесте «Ақылды» мал бордақылау алаңы іске асырылды

Oinet.kz 22-09-2020 483

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінде «ақылды» мал бордақылау алаңы ашылды. Бұл жобаның құрылысы 2 жылда аяқталған. Алаңның жалпы аумағы 0,5 гектарды қамтиды. 300 мал басына есептелген шаруашылыққа «ангус» тұқымды 32 бас ірі қараны Петропавл қаласынан алдырды. Мұндағы қара жұмысты адамдар емес, арнайы қондырғы-робот атқарады. Осылайша, мал шаруашылығын кәсіп еткен жергілікті тұрғын Дәурен Әлімбаев ойындағы кәсіпті жүзеге асырды.

«Хобби ретінде бастап, ізденіп, тиісті мамандардан кеңес алдым. Бұл саланың сырларын жетік білмегендіктен, қиындықтарға тап болғаным рас. Аудан әкімінің қабылдауында болып, құжаттандыру, субсидиялау жағынан көмек сұрадым», – дейді жеке кәсіпкер.

Роботтандырылған мал бордақылау алаңында 1 ғана адам жұмыс істейді. Жұмыстың басым бөлігін Ресейден сатып алынған «малақ тазалау» құрылғысы атқарады. Кәсіпкер бизнесін ары қарай дамыту үшін мемлекеттен аз мөлшерлі пайызбен несие алмақ. Осылайша шаруашылығын кеңейтіп, жылқы, қой бордақылайтын, сүт өндіретін ферма салуды көздеп отыр.

XV ғасырдағы тұрғын үй мен кесене орны табылды
Қазығұрт: «AQUA THE BEST» ауыз суы шығарылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу