Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

Oinet.kz 13-09-2020 482

Қаулы                                                                                Постановление 

Шымкент қаласы                                                           город Шымкент 

13.09.20ж.                                                                                  №37

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жумабек Анашович Ержанов, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48- БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 - БМСД қаулысына 

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №36 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: 

1) 3 тармағы 3.5. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.5.сағат 06:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытын шектеумен ашық алаңда жұмыс істейтін азық-түлік және киім базарларының қызметін қоспағанда, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын»;

2) 3 тармағы 3.19. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын»;

3) 3 тармағы 3.20. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.20. жұмыс және демалыс күндері жұмыс режимін уақытша шектей отырып, бір мезгілде жобалық сыйымдылықтан 50% - дан аспайтын келушілердің қатысуымен бассейндерді іске қоса отырып, моншалардың, сауналардың жұмысын ұйымдастыру сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша), сонымен қоса Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері сауналардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын»;

4) 4 тармағы 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:                «4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) және сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын».

3. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

4. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы 2020 жылғы 14  қыркүйек сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.



Шымкент қаласының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері    Ж.Ержанов

Постановление главного санитара города Шымкент
Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси дебаттарында сөйлеген сөзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу