Лукашенконың үлкен ұлы Беларусьтегі митингтер туралы маңызды мәлімдеме жасады
Беларусьте Лукашенконың ұлы әрі ұлттық қауіпсіздік бойынша президенттің көмекшісі Виктор Лукашенко мотожарыс қатысты. Мемлекет басшысының үлкен ұлы елдегі митингтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.
Виктор Лукашенко өзі және мотожарысқа қатысқан басқа адамдардың наразылық акцияларынан қорықпайтынын айтты.
"Біз қазір Беларусь көшелерімен емін-еркін жұріп өттік. Қараңыздар, жиналған және жыртылған егістіктер, әдемі, таза қала. Біреуі демалу үшін, біреуі балаларымен серуендеу үшін жүр. Митингтер ше? Енді, болды, өтті. Біз мотожарыспен жүруге қорыққан жоқпыз", - деп келтірген Лукашенконың сөзін Sputnik Беларусь.
Мотожарысты халықаралық Harley Owners Group (H.O.G) мотоклубы ұйымдастырған. Ол мамыр айында басталып, ресейлік қалаларды басып өткен. Мотожарыс жұма, 18 қыркүйекте Беларусьта бастау алды.