Ақтөбеде анасы мен баласы суицид жасады

Oinet.kz 13-09-2020 992

Ақтөбе облысында анасы асылып қалғаннан кейін ұлы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

Оқиға былай болған: отбасындағы болған жанжалдан кейін 1957 жылы туған зейнеткер әйел асылып қалған. Анасының өз-өзіне қол жұмсағанын көрген 28 жастағы ұлы ас үйге барып, пышақ алып, өзін өлтіреді.

Әкімдіктегілер бұл отбасының полицияда тіркелмегенін, қарапайым отбасылар қатарынан болғанын хабарлады. Қайтыс болған ер адам ажырасқан, мұнай компаниясында жұмыс істейді, жуырда үйленбек болған.

Отбасында ұлынан басқа үлкен қызы бар, ол Ақтөбеде тұрады, қайтыс болған әйелдің күйеуі бар, ол 64 жаста.


Аймағамбетовтың тапсырмасымен басшылар телефон нөмірлерін жариялады
Асхат Аймағамбетов алғаш рет өзінің отбасы жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу