ШҚО-да 47 жастағы әйелді пойыз басып кетті

Oinet.kz 05-09-2020 794

Шығыс Қазақстан облысында 47 жастағы әйелді пойыз басып кетті деп хабарлайды Oinet.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Д1 — Википедия

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне таратқан ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Шемонаиха ауданының аумағында орын алған. 30 тамызда "Рулиха-Усть-Таловка" учаскесінде машинист, яғни пойыз жүргізушісі өтуге болмайтын жерді кесіп өтіп бара жатқан 47 жастағы әйелді қағып кетті, - делінген хабарламада. 

Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысындағы Шоқпар бекетінде төтенше жағдай орын алғанын жазған болатынбыз. Анықталғандай екі вагон рельстен шығып кеткен, ал олардың біреуінің ішінде бензин болған. Соның салдарынан өрт шыққаны хабарланды. 

Сонымен қатар, жақында Атырау облысының аумағында пойыз машинисті рельстің біткенін байқамай қалып, апатқа ұшырады.

«Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры» - Бағдат Қожахметов
Алматыда жантүршігерлік қылмыс жасалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу