ШҚО-да ер адам ертіп кеткен бала табылды
29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымдағы ақпарат бойынша, алдымен бұл мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болған. Ауыл әкімі Владимир Морозов мұны растады.
Кейінірек полиция өкілдері пікір білдірді.
Баланың денесі ауыл маңында табылғаны және зорлық-зомбылық белгілері бар екені хабарланды. Тәртіп сақшылары баланы соңғы рет көрген 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.