Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Қараша айында өтетін Американың президенттік сайлауы қарсаңында Вашингтон мен Пекин әскери қақтығысқа баруы мүмкін. Бұл туралы Австралияның бұрынғы премьер-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Пекин мен Вашингтон арасындағы қатынастар соңғы айларда COVID-19 пандемиясы, сауда, Гонконг және Қытайдың Шыңжандағы қазақ, ұйғыр азшылығына жасаған қысымына байланысты нашарлады. Екі ел арасындағы ықтимал соғыс қаупі туралы ескертуді 2007-2010 жылдар аралығында Австралияның премьер-министрі болған Кевин Радд жасады.
Радд Мельбурндегі Ла Троб университетінде «Қытай мәселесі: жаңа қырғи-қабақ соғыстың алдын алуға бола ма?» атты іс-шарада сөз сөйлеген. Сол сәтте коронавирус жайында бірқатар пікірталастар өрбіп, Радд 3 қарашада Америкада сайлау өткізілер алдында «қате есептеу және шиеленісу жолымен қақтығыс» болатынын ескертті.
Оның пікірінше, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың құлдырауы қатерлі салдарға әкелуі мүмкін. Ол Қытай мен Американың соғыс ұшақтары мен кемелерінің бір-біріне өте жақын келуі жиілеп, қақтығыс болудың аз-ақ алдында тұрғанына алаңдайтынын жеткізді.
Айтуынша, Қытай өз позициясын нығайту үшін Оңтүстік Қытай теңізінде табиғи және жасанды аралдарда әскери базалар, соның ішінде аэродромдар салуда. Ал оған Вашингтон қатаң түрде қарсы тұрып келеді.
Радд мырзаның айтуынша, Пекиннің де, Вашингтонның да «ұлтшылдық екпіндері» ашық қақтығыстарға апарады. Ол «әсіресе, Вашингтонда да, Бейжіңде де өте күшті ұлтшылдық саясаты жүріп жатқандықтан, сайлаудан бірнеше ай бұрын дағдарыс болатынын» баса айтты.