​Ер адам әйелінің үстіне бензин шашып, от қойған

Oinet.kz 26-08-2020 921

Сотталушы өзінің мұндай әрекетке бару себебін, әйелінің ажарлы болуымен байланысты деп түсіндірген, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 157339.jpg

Өзбекстанның Самарқан қаласында ер адам әйелінің тым әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойып жіберген. 

"Мен оның сұлулығына ер адамдардың қарағанын қаламаймын", – деді ол сот залында. 

36 жастағы ер адам кінәсін толық мойындап отыр. Ол өзінің мұндай әрекетке бару себебін, әйелінің тартымды келбетімен байланысты деп түсіндіреді. Оның айтуынша, қазір оған ешкім қарамайды. 

Сондай-ақ, күйеуі әйелінің тарапынан қандай да бір опасыздық жасау ниетін байқамаған. Солай бола тұра, ол әйеліне көп адам қарайды деп үнемі күмәнмен жүрген. 

Осындай оқиғадан кейін зардап шегуші бір айдан астам уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Әйелдің 25% денесін күйік шалып, оның оң қолы мен бетінде тыртықтар пайда болған. Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сот ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды. 

Елімізде мешіттер қашан ашылатыны белгілі болды
Түркістан: «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу