Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

Oinet.kz 14-08-2020 1035

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 21 адам қайтыс болды, ал Covid-19-дан пайда болған пневмониядан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Тамыздың басынан бері ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустан туындаған пневмониямен ауыратын 16 666 науқас тіркелді. Оның ішінде 198 науқас қайтыс болды.

13 наурыздан 14 тамызға дейін 101 848 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 1 356 адам қайтыс болды. 78 633 адам сауығып шықты.

Ведомство қазір коронавирус инфекциясынан 21 859 адамның емделіп жатқанын, оның ішінде 104 бала бар екенін хабарлады. 3 738 науқас стационарларда емделіп жатыр, 18 121 адам амбулаториялық деңгейде ем алуда.

420 адамның жағдайы ауыр, 103 науқас аса ауыр дәрежеде жатыр, 80 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Тойға рұқсат жоқ: Қазақстанда карантиннен кейін де шектеу шарасы сақталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу