Карантин талаптары сақталуда
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы «Кентау колледжі» ЖШС-нде қоғамдық бақылау жүргізді.
Оның ішінде: кіре берісте кезешіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, оқытушылар мен талапкерлер арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді залалсыздандыру жұмыстары қадағаланды. Қоғамдық бақылау нәтижесі бойынша жалпы 50 оқутышының 3 оқытушысы қызмет орнында екені анықталды. Қалғаны қашықтықтан жұмыс жүргізуде. Абитуренттерді egov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауда. Ал, оқу орнына келген талапкерлерді толық санитарлық режимдеріне сай қабылдауда.