Тоқаев жаңа оқулық шығаруды тапсырды

Oinet.kz 10-08-2020 868

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Абай­та­ну" оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұл туралы Президент "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында айтты.

- "Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Қытай тілін үйреніңдер»: Дариға Назарбаева жастарға үндеу жасады
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу