Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров тікелей эфир барысында қымбат сағатын шешкені үшін халықтың сынына қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Қырағы көрермендер сағаттың бағалы екенін бірден байқап қалған. Желі қолданушылары қолсағаттың Ulysse Nardin маркалы құны 5 мың доллар тұратынын айтады.
Өз кезегінде шенеунік неліктен бұлай істегенін түсіндірді.
"Тікелей эфир басталмай тұрып шешкен сағатымды пайдаланып жүргеніме 10 жылдай уақыт болды. Бұл Ulysse Nardin маркалы қолсағат. Маған бұны жақындарым 35 жылдық мерейтойыма 2010 жылы сыйлаған. Өткен жылғы суреттерімнен бұл сағатты сол кезден бері тағып жүргенімді көріп, анықтай аласыздар. Оны не үшін шештім дейсіздер ғой? Мен қаланы аралап келдім, дала өте ыстық болған. Сәл қысылғандықтан галстугым мен сағатымды шешіп қойдым. Басқа арам ойым болған жоқ", - дейді әкім.