Вице-министр үлкен ерлік жасады

Oinet.kz 05-08-2020 3850

Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов әйелді тұншығудан аман алып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Оқиға 3 тамызда болған. Марат Шоранов денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа келген. Осы сәтте 5-подъездегі сатыдан 1969 жылғы әйел жоғарыға көтеріліп бара жатқан. Алайда ол кенеттен есінен айырылып, жерге құлаған.

- "Шоранов әйелді ұстап қалды. Ол әйелдің түрі бозарып кеткенін, тұншығып жатқанын көрген. Вице-министр медициналық тәжірибесінің арқасында әйелге жедел медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, ол жүргізушіге көліктен бұрағыш алып келу керегін айтқан. Вице-министр оны әйелде трахеостома болса, қолданбақшы болыпты", - делінген хабарламада.

Медициналық көмек алған соң әйел тыныс ала бастаған. Кейін оны жедел жәрдем қызметі ауруханадағы жалпы хирургия және проктология бөліміне жеткізген. Дәрігерлер әйелге "өткір жабысқақ ішек өтімсіздігі" диагнозын қойған.

Ливандағы жарылыс: «Қазақстан консулы жарақат алды» (фото)
«Індет өзі кетеді»: Әруақтармен сөйлесетін емші індеттен айығудың ерекше тәсілін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу