Ливан премьер-министрі Бейруттегі жарылысқа не себеп болғанын айтты (видео)
Ливан премьер-министрі Хассан Дияб 70-тен астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
"Мен болған жағдайға жауапты адамды тауып, оған қатаң жаза тағайындамағанша тышышталмаймын. Өйткені салмағы 2750 тонна болатын аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы қоймада сақталған және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін шараның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданбаған", - деді Хассан Дияб.
Сонымен қатар, Ливан премьері оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Олар 48 сағаттың ішінде апат себебін анықтап, кінәлілерді жариялау керек.
Соңғы дерек бойынша, Бейруттегі жарылыс салдарынан 73 адам қаза тауып, 3700-ден астам адам жараланды.