Оралда алты жасар қызды алып кетпек болған ер адам ұсталды

Oinet.kz 03-08-2020 1184

Орал қаласында Көктем шағынауданындағы Мұрат Мөңкеұлы көшесінде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген 6 жасар қызды бөтен ер адам әлдеқайда алып кетпек болғанда қолға түсті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Оқиға 2 тамыз күні қараңғы түсе, кешкі сағат 21.30.-дарда болған. М.Мөңкеұлы көшесіндегі 113 үйдің алдында ойнап жүрген балаларға жақындаған ер адам кішкентай қызды белгісіз бағытқа алып кетпек болған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде орнатылған бақылау камерасына түскен бейнежазбаға қарағанда, қызды сол жердегі көршілер құтқарып қалған. 

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қыздың анасының шағымы Зачаганск полиция бөлімінде тіркелген. Күдікті ер адам анықталып, қамауға алынған. 1965 жылғы ер адам «орта дәрежеде» мас болған. Қазір оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.

Цой маңызды сауалға жауап берді
Жақсылық Үшкемпіровтің неден көз жұмғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу