«Ешкімге қан тілемеймін!»: қызы көз жұмған ана Тоқаевқа алғыс айтты
Томирис Байсафаның анасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызының өлімін тергеуге көмектескені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
- Біздің Президент маған бұл дүниеде бәрі бірдей сатып алынбайтынын, жазасыз жауапкершіліктен құтылуға болатынын көрсетті! Мемлекеттің бірінші тұлғасы қарапайым адамдардың өтініштеріне бей-жай қарамайтыны үлкен құрметке лайық! Рахмет, Президент!, – деп жазды Жанна Ахметова Instagram-да желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, қыздың анасы Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігіне, РФ Тергеу комитетінің төрағасы Бастрыкинге ерекше алғысын білдірді.
- Мен ешкімге қан тілеймін, адамдардың түрмелерде отыруын қаламаймын, бірақ мен өз-өзіне қол жұмсаған қыздың анасының орнында да болғым келмейді, - деп толықтырды Жанна Ахметова.
Естеріңізге сала кетейік, Томирис Байсафаның ісіне күдікті ретінде дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, 2019 жылы Президент Тоқаев Томирис Байсафаның анасын арнайы қабылдаған болатын.