Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлаған күдікті 2 айға қамауға алынды

Oinet.kz 27-07-2020 912

Сәтбаев қалалық соты қыз ұрлаған күдіктіні ұстауға санкция берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Screenshot_5.jpg

Бес жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдікпен ұсталған азамат тергеу жүріп жатқан уақытта екі ай мерзім қамауда болады. Осыдан кейін оның ісі сотқа жіберіледі. 

"Сәтбаев қалалық соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға санкция берді. 26 шілдеде құжатқа қол қойылды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен басқа пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты ұсыным қаралды
Павлодардың жаңа әкімі тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу