42 500 теңге қанша адамға тағайындалғаны белгілі болды
42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
"20 шілде сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді алуға азаматтардан 1 миллион 55 мың бірегей өтініш келіп түсті. 880 мың адамға төлем тағайындалды", - делінген хабарламада.
1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде:
688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
44,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаты бойынша:
688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түсті (проактивті форматта);
15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
350,6 мың өтініш басқа санаттардағы азаматтардан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).