Белгісіз пневмониядан қайтыс болғандарды жаңа тәртіппен жерлейтін болды
Пневмониядан қайтыс болғандарды коронавирус марқұмдар секілді жерлейді.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қаулыға осындай тиісті өзгерістерді енгізді.
"Коронавирус инфекциясы ошағынан анықталған әрі коронавирус инфекциянан қайтыс болғандығына күдік келтірген марқұмдарды жерлеу алгоритмі белгісіз этиология бойынша пневмониядан үйде немесе медициналық ұйымдарда көз жұмған науқастарды көмуге арналған алгоритмнің де орнын басады", делінген құжатта.Медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясынан қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін, COVID-19 немесе белгісіз этиология бойынша пневмония күдігімен қайтыс болған адамның денелері қажетті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласындағы U03 патологиялық бюросына жеткізіледі.
Құжаттың тармақтарының бірінде Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда, мәйітті тасымалдау және оны жерлеудің барлық шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.
Сондай-ақ, белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда қайтыс болған шетелдік азаматтың туыстары жерлеу рәсімдеріне қатыса алады.
Айта кету керек, қала ішінде адамдар үшін нақты жерлеу орны болмаған кезде, туыстарының / заңды өкілдерінің келісімімен, талап етілмеген денелерді көму СКРУ анықтаған жерлерде жүзеге асырылады.