Әжем берген түйіншек жолымды ашты
25-09-2022
Даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері Ақжол Асқар қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Қазақстан-Шымкент телеарнасының редакторы Илияс Жолдас Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Қазақ спортының дамуында өзіндік қолтаңбасы бар. Бекзаттың спорттағы жолын ашқан, оны іздеп тауып,Түркістаннан Шымкентке ертіп келіп, интернатқа орналастырған, дарынды балаларға арналған спорт интернатының негізін қалаған ұстаз-бапкер, облыс боксының атасы саналатын, облыстық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақжол Асқар ағамыз өмірден өтті. Спорт саласында өр мінезімен, қаншама даңқты боксшыларды тәрбиелеген ұлылығымен, ел үшін тіккен туы биікте желбіреп, дара болмысымен өтті. Артында мәңгілік өшпес істері қалды. Спортшы тәрбиелеуде өзіне ғана тән ұстаздық ерекшелігі шәкірттерінің санасында жатталып қалады. Ұстазға мәңгілік құрмет! Иманы саламат болсын! Пейіште нұры шалқысын!", - дейді журналист.